Түркістан облысында 200-ден астам мектеп саман кірпіштен салынған

620

584 мектептің әжетханасы ішке көшірілген.

Түркістан облысында 200-ден астам мектеп саман кірпіштен салынған

Түркістан облысында жүздеген бала саманнан соғылған мектепте білім алуға мәжбүр. Өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев аталмыш мектептердің әжетханасын ішке кіргізу туралы айтудың өзі артық деп отыр.

"Жалпы Түркістан облысы басқа облыстарға қарағанда мектептер саны ең көп өңір болып саналады. 900-ден астам мектеп бар. Оның ішінде 200-дей мектебі саман кірпіштен салынған. Ондай мектептерде әжетхананы мектептің ішіне кіргізу туралы мәселе қоюдың өзі орынсыз деп ойлаймын. Қалған 700-ден астам мектептің бәрінде осы жылдың аяғына дейін әжетханалар жасалатын болады. Қазірдің өзінде 584 типтік үлгідегі мектепке әжетханалар кіргізілді. 172 мектептің қасына ыңғайластырылған әжетхана салынды. Қалған 71 мектепке жобалық смета әзірленіп жатыр. Биылдың ішінде бәрін бітіреміз деп ойлаймын. Бұл біздің облыс үшін оңай шаруа емес. Жаңа ғана айтақанымдай, 900-ден астам мектеп бар", – деді ол онлайн брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу