Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК АҚ-ның геопорталы мүмкіндіктерін пайдалана отырып жүргізген талдау нәтижесінде 2025 жылы облыс аумағында рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастырудың 247 фактісін анықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Прокуратураның қадағалау актілері негізінде жергілікті атқарушы органдар заңсыз қоқыс орындарын жою, аумақтарды тазарту және оларды экологиялық заңнама талаптарына сәйкестендіру бойынша тиісті шаралар қабылдады. Нәтижесінде анықталған барлық заңбұзушылықтар толық жойылды, – деп жазды қадағалаушы органнан.
Прокуратура мәліметінше, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.