Түркістан облысында 3 күн бұрын ауруханадан қашқан сотталушы ұсталды

225

Ол Түркістан қаласынан, танысының үйінен табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысында 3 күн бұрын ауруханадан қашқан сотталушы ұсталды Фото: canva

Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде медициналық мекемеден қашып кеткен сотталушыны ұстады.

Бұл оқиғаға қатысты Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов пікір білдірді.

– Ұсталған азамат тергеу изоляторына орналастырылды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтауға бағытталған қажетті іс шараларды атқарып жатырмыз. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиға биылғы 23 қазанда болған. Сотталушыны ұстау мақсатында ауқымды жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырып, бақылау бекеттерін қойып, сондай-ақ полицияның барлық жеке құрамын жұмылдырған болатынбыз. Бұл жайт менің жеке бақылауымда, деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу