Түркістан облысында 30-дан астам оқушы суицид жасаған

627

"Түркістан облысы балалар суициді көрсеткіші бойынша "алға" шыққан. Биыл 30-дан астам оқушы өзіне қол жұмсаған. Бұның себебі не және қандай шара қабылдап жатырсыздар?", – деп сұрады Stan.kz сайтының тілшісі Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтен.

Түркістан облысында 30-дан астам оқушы суицид жасаған

Айта кетейік, ОртКом қызметінде баспасөз жиыны өткен болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Суицид деген қоғам мәселесі, заман құбылысы деп ойлаймын. Бізде былтыр 60 жағдай болып, 34-і "аяқталған". Термин солай, "аяқталды" деп айтылады. Қалған жағдайда балаларды аман сақтап қалдық. Онымен күрес жүйелі жүргізіліп жатыр, психолог, директордың орынбасары және аудан әкімдеріне ескертіп, жан-жақты алдын алып жатырмыз", – деп жауап берді Шөкеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу