Түркістан облысында 3000 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

165

Аймақта жер заңнамасына қатысты талаптар бұзылған.    

Түркістан облысында 3000 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: bigland.ru

Жер ресурстарын басқару комитетінің Түркістан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті Отырар ауданында жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру қорытындысы бойынша жалпы көлемі 1983,2 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері ауданның әкімшілік шекарасынан тыс жерде берілген болып шықты.

Заңбұзушылықтарды жою мақсатында департамент тарапынан тиісті нұсқама берілді. Нәтижесінде әкімдік тиісті шаралар қабылдап, аталған жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сонымен қатар, басқа ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіге 1000 гектар жер телімін беру кезінде де осындай заңбұзушылық тіркелді. Осы дерек бойынша департамент Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз жолдады.

Сот талапты толық көлемде қанағаттандырып, аталған жер телімі де мемлекет меншігіне қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу