Түркістан облысы Сауран ауданындағы Исрайловтар отбасында үшем дүниеге келді.
38 жастағы Махру Каримова 5 ұлынан кейін үшем босанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 35 аптасында жоспарлы кесір тілігі арқылы дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 1940 грамм болса, екіншісі – 2100 гр, үшіншісі 2000 гр салмаққа жеткен. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемдерге Сафия, Амир және Хадия деген есім қойды", – деп сүйіншіледі Сауран аудандық емханасы.
Дәрігерлер нәрестелерді тексеріп, емдеп, күтім жасады. Қазір ана мен сәбилердің денсаулығы жақсы. Олар емхананың медициналық қызметкерлерінің тұрақты бақылауында.