Өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы аумағындағы 469 құрылыс нысанында заң бұзушылықтар анықталып, құрылыс салушыларға 325 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 16 нысан құрылыс иелерінің өз қаражаты есебінен бұзылды. Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тарту Байтұрсыновтың мәліметінше, былтыр бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан 100 құрылыс нысанында заң бұзушылықтар анықталып, 121 құрылыс субъектісіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданған.
Нәтижесінде 103 миллион теңге айыппұл салынып, бірқатар құрылыс компанияларының лицензиялары бойынша жекелеген жұмыс түрлері тоқтатылды. Құрылыс мемлекеттік бақылауға алынған.