Түркістан облысында 5,5 мыңнан астам дәрігер халыққа қызмет етеді

"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында ауылдарда 49 жаңа нысан салу жоспарланып отыр. 

Түркістан облысында 5,5 мыңнан астам дәрігер халыққа қызмет етеді Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Аймақтағы 46 медициналық ұйымдарда 5,5 мыңнан астам дәрігер және 19 мыңнан астам орта персонал халыққа қызмет көрсетеді. Медициналық жабдықтармен қамту деңгейі 84 пайыздан асып, жоспар толығымен орындалды. Нәтижесінде, негізгі ауру-жітім көрсеткіші төмендеді.

Ағымдағы жылы 14 денсаулық сақтау нысандарың құрылысы аяқталады (дәрігерлік амбулатория – 4, ФАП – 10).

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Сарыағаш қаласында перинаталдық орталығымен заманауи медициналық кешен құрылысының жобасы әзірленуде. Келесі жылы құрылысы басталатын болады", – деді аймақ басшысы.

"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында ауылдарда 49 жаңа нысан салу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу