Түркістан облысында 5 мың басқа арналған бордақылау кешені іске қосылды

282

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. 

Түркістан облысында 5 мың басқа арналған бордақылау кешені іске қосылды Фото: АШМ

Түркістан облысының Сайрам ауданында бордақылау алаңы мен ет комбинатының құрылыс жобасы "KAZ ECO MEAT" ЖШС тарапынан жүзеге асырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жылына 10 мың тоннаға дейін ет өңдеуге бағытталған жобаның жалпы құны – 8,5 млрд теңге.

Кәсіпорын Беларусь, Қытай және Түркиядан жеткізілген заманауи жабдықтармен жабдықталған. Өндірістің барлық кезеңінде озық технологиялық шешімдер енгізілген. Мал бордақылау үдерісін тиімді және тұрақты жүргізуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған азықтандыру жүйесі орнатылған. 

Өнімді кешенді өңдеу мақсатында қан жинау және өңдеу қондырғылары, сондай-ақ сүйек өңдеуге арналған жабдықтар іске қосылып, қалдықсыз өндіріс циклі қамтамасыз етілген. 

Ет комбинаты халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді және өнім экспорттауға бағытталған. Шикізат ретінде жергілікті фермерлік шаруашылықтардан, сондай-ақ еліміздің солтүстік өңірлерінен жеткізілген ірі қара малы пайдаланылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу