Түркістан облысында 7 турист жоғалып кетті

1721

Оқыс оқиға Төле би ауданында болған.

Түркістан облысында 7 турист жоғалып кетті

Құтқарушылар Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі аумағында жоғалған 7 адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

25 мамырда 112 пультіне сағат 18:30-да 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама түскен.

"21 мамырда туристер "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек болған", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Ол өткен тәулікте іздестіру тобы 37 шақырымға жуық таулы аймақты жаяу аралағанын атап өтті.

"Екі пилотсыз ұшу аппараты арқылы 4 шақырым радиуста бақылау жүргізілді. Іздестіру жұмысына 25 құтқарушы, 2 квадракоптер және 7 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ 7 адамды полиция департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкері мен 1 техникасы, ҰҚК Шекара қызметінің 3 ат патрулі, ұлттық парктің 10 қызметкері мен жоғалғандардың туыстары іздеп жатыр", - деді ресми өкіл.

Талғат Уәли ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкент қаласынан "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы ұшай алмай отырғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу