Түркістан облысында 75 млрд теңгелік индустриялық аймақ құрылады

259

Өңір әкімдігі инвесторлармен жалпы құны 432,2 млрд теңге болатын 7 келісім жасады.  

Түркістан облысында 75 млрд теңгелік индустриялық аймақ құрылады Фото: gov.kz

Түркістан облысында қазақстандық және қытайлық инвесторлар бірлесіп 75,3 млрд теңгеге индустриялық аймақ ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоспарланған жобалар қатарында джинсы матасын, трикотаж және басқа да мата түрлерін өндіру бар. Сонымен бірге шетелдік инвесторлар қатысуымен халықаралық тоқыма орталығын іске қосу, алюцинг өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жарықтандыру жабдықтарын шығару және күн панельдерін өндіру жобалары қарастырылған.

Әкімдік бүгінде 2025-2028 жылдарға арналған 111 инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталғанын айтты. Жобалар толық іске асса, өңірде 23 915 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Сонымен қатар белсенді қоспалар мен дәрумендер, кеңсе қағазы, сэндвич-панельдер, еден жабындары, тамшылатып суару жүйелері, балық жемі және өсімдік майы өндірісін іске қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл жобалардың басым бөлігі арнайы экономикалық аймақтарда жүзеге асырылуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу