Түркістан облысында 77 үйге су кірді

670

Тұрғындарды эвакуациялауға тура келді.

Түркістан облысында 77 үйге су кірді

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметінің хабарлауынша, Төлеби ауданында төтенше жағдай орын алған. Қатты нөсерден 77 үйді су басып, тұрғындар эвакуацияланған.

"Кеше сағат 21.45 шамасында Төлеби ауданы, Киелітас а/о, Сұлтан-Рабат ауылы, Сауран көшесінде және Достық елдімекені Жылқыбаев көшесіндегі үйлерге су ужаңбырдың суы жалпы жиыны 77 тұрғын үйдің ауласына кіргені туралы хабарлама түскен. Тұрғындар Ленгер қаласындағы N8 колледжге жайғастырылып, тиісті заттармен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, Көксәйек а/о, N9 колледжде эвакуациялық бөлімше әзірленген. Оқиға орнында жергілікті әкімдік пен ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде", – деп жазылған хабарламада.

Қазір ауданда су басу қаупі сейілген, нөсер тоқтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу