Түркістан облысында 85 демалыс орны заңсыз салынған

349

Кәсіпкерлер ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді алып, аталған аумақтарға түрлі ғимараттар мен хауыздар салып тастаған.  

Түркістан облысында 85 демалыс орны заңсыз салынған Фото: gov.kz

Туризм үшін таптырмас аймақтарда 85 нысан заңсыз салынғаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Төлеби ауданының әкімдігі тау бөктерінде бой көтерген мұндай демалыс орындарының құжатын тексеріп жатыр. Құзырлы органның мәліметінше, олар жылдар бойы заңсыз табыс тауып келген.

Айта кетейік, ауданда 250-ге жуық демалыс орны бар болса, оның тек 40 шақтысы ресми түрде тіркелген. Заң талаптарын сақтамаған 44 нысанның иесіне ескерту хат жіберілген.

"Ғимараттарға қанша демалушы келіп жатыр, статистика да жоқ. Cалық та төленбейді. Құрылыс та заңдастырылмаған. Судың аймағында қырды ойып қауіпті жерлерге бірнеше құрылыс салып тастаған. Бәрін тексереміз. Әлде құрылысты алып тастау керек", – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу