Түркістан облысында 99 жастағы ардагер коронавирустан айықты

831

Науқас 2 апта бұрын ауруханаға ауыр халде жеткізілген. 

Түркістан облысында 99 жастағы ардагер коронавирустан айықты

Ленгір қаласында 99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері СOVID-19 вирусынан айықты, деп жазады inbusiness.kz облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйеніп.

Ұлы Отан соғысының ардагері Александра Капустина осыдан 2 апта бұрын коронавирус жұқтырған.

"Науқастың дене қызуы көтеріліп, өкпесі қабынып әлсіреді. Ол шұғыл түрде Ленгір қалалық ауруханасына жатқызылды. Александра Капустина ауруханаға екі жақты полисегментарлы пневмониямен түскен. 2 апта ем қабылдаған ардагер коронавирустан құлан-таза айықты", – деп жазылған хабарламада.

Александра Капустина ақхалатты жандарға алғысын білдірді.

"Жағдайым өте ауыр болды, өзімді нашар сезіндім. Мені шұғыл түрде ауруханаға жатқызды. Осында емделдім. Барлық дәрігерге алғыс айтамын", - деді 99 жастағы ардагер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу