Түркістан облысында адамдар тауда адасып кетті

268

Олар саңырауқұлақ теру үшін тауға шыққан. 

Түркістан облысында адамдар тауда адасып кетті Фото: ҚР ТЖМ

2024 жылдың 31 наурызында 21-45 сағатта  Түркістан облысы Атбұлақ ауылынан 15 ш. жерде орналасқан "Қазығұрт" тау шатқалында ТЖД күшімен күндіз саңырауқұлақтарды жинау үшін тау шатқалына көтеріліп, адасып кеткен 2 адам құтқарылып, құтқарушылардың сүйемелдеуімен таудан өз бетінше түсірілді. Медициналық көмекті қажет етпеді, деп жазады inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тауға шықпас бұрын сол аймақтың ауа-райымен міндетті түрде танысуға кеңес береді. Дауыл туралы ескертулерге құлақ асыңыз. Жақындарыңызға жоспарланған тау бағыты мен қалаға қайту уақыты туралы хабарлаңыз. Бейтаныс жолмен жолды қысқартпаңыз. Сонымен қатар, сізде зарядталған телефон мен пауэрбанк болуы керек. Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112" нөміріне қоңырау шалыңыз", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу