Түркістан облысында әйел адам танысының көлігінен ақша ұрлап кеткен

135

Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысында әйел адам танысының көлігінен ақша ұрлап кеткен Фото: Түркістан облысының ПД

Түлкібастық полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Түркістан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, күдікті әйел арызданушының танысы болып шықты. Ол қонақта отырып, аулада тұрған "Volkswagen golf" маркалы автокөлікті байқайды. Содан ешкім көрмей тұрғанын пайдаланып, автокөліктің ішінде тұрған 50 мың теңге ақшасын ұрлап алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу