Түркістан облысы Созақ ауданында даладағы алтынды өз бетінше игерген бір топ адам анықталып, оларға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олар экологиялық заңнаманы бұзып, өндірістік қауіпсіздік талаптарын ескермей, 451 грамм алтын игерді деген күдікке ілініп отыр.
"Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-1-бабы 1 және 3-бөліктерінде көзделген құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті тұлғаларға қатысты тергеу 5 адамды үйқамаққа алды", – деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу