Түркістан облысында анасын пышақтап өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

240

Күдіктінің мүгедектігі бар екені белгілі болды.  

Түркістан облысында анасын пышақтап өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Фото: hyser.com.ua

Түркістан облысы Түлкібас ауданында өз анасын өлтірді деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, пышақ жарақаты бар егде жастағы әйелдің сүйегі өз үйінен табылған.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Марқұмның 40 жастағы ұлы күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстың нақты себебі әзірге белгісіз", – деп жазылған ресми хабарламада.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу