Түркістан облысында арақты заңсыз өндірген 2 цех анықталды

937

Онда 3 мыңнан аса бөтелке табылған.

Түркістан облысында арақты заңсыз өндірген 2 цех анықталды

Түркістан облысында арақты заңсыз өндірген 2 цех анықталып, жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

"Түркістан облысында жедел-тергеу іс-әрекетінің нәтижесінде жалған алкоголь өнімін өндіріп сатқан 2 цехтың жұмысы тоқтатылды. Онда белгілі брендтердің алкоголь өнімдері табылып тәркіленді", – деп жазылған хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, цехтардан 3 мыңнан аса бөтелке, 3,5 мыңнан аса есепке алу-бақылау маркасы, 1 тоннадан аса спирт, арақтың белгілі маркаларының этикеткасы, буып-түю материалдары тәркіленді.

"Суррогат алкоголь өнімінің негізгі бөлігі антисанитариялық жағдайда, жасырын цехтарда қолдан жасалады. Бұл – халықтың өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті", – деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу