Түркістан облысында ауыр жүк көліктері жолдардың бүлінуіне себеп болып отыр

106

Биылдың өзінде өңірде 520 шаршы метр жол төсемі бүлінген.  

Түркістан облысында ауыр жүк көліктері жолдардың бүлінуіне себеп болып отыр Фото: Truck.Ru

Түркістан облысында республикалық маңызы бар автожолдардың сапасына жүк көліктерінің шамадан тыс жүктемесі кері әсерін тигізіп жатыр. Бұл туралы "Ұлттық сапа орталығының" облыстық филиалы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Орталық инженері Нұржан Әшірматтың айтуынша, ақаулардың көпшілігі Шымкент қаласының солтүстік айналма жолынан анықталған. Мәселен, жолдың алғашқы 7 шақырымында жолақ сызықтары өшіп, көрінбейтін күйге түскен. Ал 2260–2270 шақырым аралығында дәл осындай жағдай қайталанған. Сонымен қатар, трассаның 120 шаршы метр бөлігінде бетон қорғаныс қабаты бұзылған.

"Бұл – биыл тіркелген деректердің бір бөлігі ғана. Жолдың мерзімінен бұрын тозуына, әсіресе, карьерлерден құм мен қиыршық тас таситын ауыр жүк көліктері себеп болып отыр", – дейді маман.

Сала өкілдерінің пікірінше, жолдың ұзақ қызмет етуі үшін техникалық талаптар мен салмақ нормалары қатаң сақталуы тиіс. Алайда көп жағдайда жүргізушілер бұл талаптарға мән бермей, жол инфрақұрылымына айтарлықтай зиян келтіруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу