Түркістан облысында балабақша ғимараты өртеніп кетті

362

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Түркістан облысында балабақша ғимараты өртеніп кетті Фото: Бейнежазбадан

Түркістан облысы Әден ата ауылындағы балабақшалардың бірінде өрт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде бір қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқан. Дереу өртті сөндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Оқиға кезінде балабақша ішінде балалар болмаған.

"Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт толық сөндірілді. Жалын 244 шаршы метр аумақты шарпыған", – деп жазды ведомстводан.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Төтенше жағдай қызметі азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу