Түркістан облысында банкке шығын келтірген алаяқ ұсталды

552

Сарыағашта банкке 20 млн теңге шығын келтірген күдіктінің ісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түркістан облысында банкке шығын келтірген алаяқ ұсталды

Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасына банк қызметкері арызбен жүгінген.

Оның айтуынша, белгісіз біреулер мобильді қосымша арқылы жоқ тауарды сату арқылы банкке 20 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады. Бұл жергілікті тұрғын, жұмыссыз жігіт болып шықты.

Анықталғандай, күдікті банктік өтініш арқылы тауарды сатып алу-сату мәмілелерін жасаймын деп бір айдың ішінде алаяқтық жолмен 20 миллион теңгені алып кеткен. Алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазір ер адам қамауға алынды, бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарға жеке деректерін немесе банк картасының кодтарын ешкіммен бөліспеуге кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу