Түркістан облысында анасы мен 2 баласы газдан уланып көз жұмды

233

Зардап шеккен тағы бір бала бүгін ауруханадан шығарылды.

Түркістан облысында анасы мен 2 баласы газдан уланып көз жұмды Фото: Pixabay.com

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылындағы жеке тұрғын үйде бір отбасының үш адамы улы газдан қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төрт адам уланған. Олардың үшеуі оқиға орнында көз жұмды. Аман қалған бір бала бірден жан сақтау бөліміне жеткізілген.

– Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқиға қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану ережелерінің бұзылуынан болған. Нақтырақ айтқанда, түтін шығару арнасы тазаланбаған. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу