Түркістан облысында бір тәулікте 1500 адам ПТР тест тапсырды

875

Соңғы тәулікте Түркістан облысында коронавирус анықталған 5 адамның үшеуінің дерті симптомсыз өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Түркістан облысында бір тәулікте 1500 адам ПТР тест тапсырды

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен мәжілісте облыс аумағындағы коронавирус инфекциясы мен санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы соңғы мәліметтер айтылды.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың баяндауынша, өңірдің мемлекеттік зертханаларында өткен тәулікте 1,5 мыңға жуық адам тексерілді.

Зерттеулер динамикасы бойынша алдыңғы аптамен салыстырғанда ПТР зерттеу саны 1,1 %-ға көбейген.

Облыс аумағында медицина қызметкерлері вакцинаның екінші компонентін салдырды.

Барлық аудан, қалаларда мобильді топтар жұмыс істеуде.

Карантин режимін бұзғандар бойынша шұғыл ақпарат 1 сағат ішінде Үйлестіру орталықтарына жолдауы тиіс.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев барлық аудан, қала әкімдеріне мобильді топтардың жұмысын күшейтіп, карантин талаптарының сақталуын шұғыл түрде тексеруді тапсырды.

Мәжіліс барысында Түркістан қаласын безендіру, әсемдеу, көркейту жұмыстарының барысы туралы шаһар басшысы Рашид Аюпов баяндады.

Әуежай аумағынан "Батыс Қытай - Батыс Еуропа" автожолы бойына, яғни қаланың Б. Саттарханов даңғылына дейін жалпы LED экрандар, жалаушалар мен 32 билбордтар, 300-ден астам жарықтық кронштейндер және 17 аялдама орнатылады.

Түркістан қаласына кіреберіс аумағы мен қалада бағыт-бағдар сілтемелері пайда болады.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов көктемгі дала жұмыстарына дайындық шаралары және ветеринариялық іс-шаралардың барысы туралы баяндады.

Егістікті әртараптандыру бойынша өткен жылмен салыстырғанда масақты дақылдар мен егіс көлемі 5 мың гектарға және мақта дақылының егіс көлемі 10 мың гектарға қысқартылып отыр.

Оның орнына майлы дақылдардың егіс көлемі 10 гектарға, бақша дақылдары 7 мың гектарға және мал азығы дақылдары 3 мың гектарға қосымша егістік көлемі ұлғайған.

Бүгінгі таңда жоспарланған 500 мыңға га жуық жер айдалып, жұмыстың 98 пайызы орындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу