Түркістан облысында дәретханаға құлап кеткен бала құтқарылды

1027

Оқыс оқиға 23 қаңтарда болған. 

Түркістан облысында дәретханаға құлап кеткен бала құтқарылды

Түркістан облысында дәретхана шұңқырына құлап кеткен 6 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 23 қаңтарда "112" қызметіне Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында 2016 жылы туған бала тереңдігі 4 метр болатын дәретхана шұңқырына құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

"Құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы мен  медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері жұмылдырылды. Олар түскі сағат 14:14-те баланы шұңқырдан арқанмен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", – деп жазылған хабарламада.

Дәрігерлер баланы тексеріп, үйіне жіберді. Бүгінде баланың жағдайы тұрақты.

ТЖМ ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу