Түркістан облысында егінге орақ түсті

1788

Биыл өңірде 823 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген.

Түркістан облысында егінге орақ түсті

Қазығұрт ауданының шаруалары 40 400 гектар жерге егілген күздік және жаздық бидайдың әр гектарынан 20-25 центнерге дейін өнім алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Ал 4 500-ден астам гектар жерге егілген арпаның өнім түсімділігі 22 центнер болады деп күтілуде.  

Биыл өңірде 823 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Бұл 2018 жылдан 9,8 мың гектарға артық. Биылғы бидайдың егіс көлемі – 178,7 мың гектар.

Болжамдық есеп бойынша 218,6 мың га масақты дақылдардың әр гектарынан орташа 21,2 центнерден өнім алу жоспарлануда.

Астық оруға қолда бар 1012 дана комбайнның  90-95 пайызы дайындалып, жинау жұмыстарына кірісті.

Астық жинау жұмыстарымен қатар, ауыл шаруашылығы дақылдарынан бүгінгі таңға 188 мың тонна картоп, 418 мың тонна көкөніс, 125 мың тонна бақша дақылдары жиналып, ішкі сұраныстан артық көлемі Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен басқа облыстарға және шетелге экспортталуда. Жыл соңына дейін 2,7 млн тонна картоп, көкөніс, бақша өнімдерін жинау жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу