Түркістан облысында қарт әкесін азаптаған ер адамның жазасы ұзартылды

143

Сот алқасы апелляциялық тәртіпте істі қарап, шешім қабылдады.

Түркістан облысында қарт әкесін азаптаған ер адамның жазасы ұзартылды Фото: Бейнежазбадан

Жетісай ауданында 41 жастағы Алмас Садақбаевты туған әкесіне жүйелі түрде зорлық көрсеткені үшін сот 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алайда Шардара аудандық прокуратурасы бұл жазаны жеңіл деп тауып, апелляциялық шағым түсірді. 

Сот алқасы апелляциялық тәртіпте істі қарап, Садақбаевтың жасаған қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіптілігін объективті түрде бағалап, жазаны күшейту туралы шешім қабылдады.

– Сот алдыңғы берілген жазаның қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейтіні туралы қорытындыға сүйене отырып, бас бостандығынан айыру мерзімін ұзартты, – деп хабарлады сот.

Нәтижесінде Алмас Садақбаевқа түпкілікті 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу