Түркістан облысында қорадағы өрттен 1 адам қаза тапты

1668

Оқиға салдарынан 1 мыңнан аса қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кеткен. 

Түркістан облысында қорадағы өрттен 1 адам қаза тапты

Түркістан облысында қорадан өрт шығып, 1 адам көз жұмды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, биыл 31 қаңтарда таңғы сағат 7:15-те 101 пультіне Бәйдібек ауданы Алғабас ауылынан 5 шақырым жердегі шаруа қожалығында екі қабатты ғимарат өртенгені туралы хабарлама түскен.

"Ғимараттың бірінші қабатында ұсақ мал, ал екінші қабатында шөп болған. Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасы – 40 шақырым. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жетті", – деді Берік Уәли.

Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға орнынан қойшының денесі табылды. 

"Өрт сағат 10.23 толық сөндірілді. Оны сөндіруге Түркістан облысы ТЖ департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды", – деді ТЖМ ресми өкілі.

ТЖМ қазақстандықтарға өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға кеңес береді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу