Түркістан облысында көршісінің үйінен 1,5 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды

383

 Ер адам жәбірленушінің танысы болып шықты.  

Түркістан облысында көршісінің үйінен 1,5 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды Фото: www.ratel.kz

Түркістан облысында Төлеби ауданының полиция қызметкерлері пәтер ұрысын қолға түсірді.

Ол жәбірленушінің үйінде бағалы заттар барын біліп, ұрлық жасаған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Үй иелері жоқ сәтте үйге терезеден кірген.

Күдікті жатын бөлмеге кіріп, кілттеулі тұрған шкафты бұзып, ішінен 1,5 миллион теңге ақшаны алып "ізін суытқан".

Қолды еткен қомақты қаржыны жеке бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда оның бұдан да басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу