Түркістан облысында құтқарушылар 2 көліктен 8 адамды эвакуациялады

262

Даубаба ауылы маңында екі көлік балшыққа батып қалған.  

Түркістан облысында құтқарушылар 2 көліктен 8 адамды эвакуациялады Фото: Бейнежазбадан

Түркістан облысының Түлкібас ауданында екі жеңіл көлік балшыққа батып, құтқарушылардың көмегіне жүгінуге тура келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Даубаба ауылының шетінде, өтуі қиын жерде болған. ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, арнайы техниканың көмегімен көліктерді жолдың жүретін бөлігіне шығарды.

Көліктердің ішінде болған 8 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

ТЖМ төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне дереу хабарласуға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу