Түркістан облысында өткен жылы 615 бас мал ұрланып, оның 474 басы өз иелеріне қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Полицейлердің жүргізген жедел іс-шараларының нәтижесінде мал ұрлығымен айналысып жүрген 19 қылмыстық топ ұсталып, 56 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 47 мал ұрлығына қатысы бары анықталды, – делінген ресми хабарламада.
Мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылы өңірде 100-ден аса мал ұрлығы тіркелген.
Еске салсақ, таяуда Түркістанда ҚР ІІМ-нің "2024-2026 жылдарға арналған ұрлыққа қарсы іс-қимыл" бағдарламасы аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Жиын барысында малға ен салып, таңбалау мәліметтерін тексеру үшін полиция планшеттерінің ветеринариялық қызмет дерекқорларымен өзара іс-қимылы мен интеграциясын күшейту мәселелері талқыланған болатын.