Түркістан облысында мамандар алапат өрттің алдын алды

897

Өрт кезінде бір қызметкер зардап шеккен.

Түркістан облысында мамандар алапат өрттің алдын алды

Түркістан облысында өрт сөндірушілер 3,5 тонна бензин құйылған цистерна жарылысының алдын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 12.45-те облыстық ТЖД жедел кезекші бөліміне Сайрам ауданы Ақсукент ауылында "Ақсукент-Қарабұлақ" жолының бойында бір вагонның жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жеткен.

"ҚазТрансойл" мұнай базасында цистерналарға бензин құйып жатқан кезде өрт шыққан. Цистернадағы бензиннің көлемі – 3,5 тонна (жалпы оқиға орнында 20 цистерна болған). Мамандар вагонда шыққан өртті сағат 14.04-те сөндірді", - деп жазылған хабарламада.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы және Шымкент қаласы ТЖД 47 қызметкері мен 10 бірлік техникасы, өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.

Жедел жәрдем ақпараты бойынша мұнай базасында шыққан өрттен 2000 жылы туған қызметкерді күйік шалған. Оған дәрігерлер көмек көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу