Тексеру барысында наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған, көлік басқаруға медициналық тұрғыда қарсы көрсетілімі бар 89 азаматтың жүргізуші куәлігі болғаны және олардың көлік тізгіндеуіне рұқсат берілгені анықталды.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары, сондай-ақ психоактивті заттарды қолдануға байланысты аурулары бар азаматтарға медициналық қарсы көрсетілім болған жағдайда көлік құралын басқаруға тыйым салынады.
"Прокурорлық қадағалау актісі негізінде сот шешімімен аталған тұлғалардың көлік құралын басқару құқықтары тоқтатылды", – делінген прокуратура хабарламасында.
Қадағалау органының араласуынан кейін жауапты лауазымды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.