Кортежге BMW, Toyota, Mercedes-Benz, Changan, Chevrolet және Hyundai көліктері қатысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ҚР ІІМ мәліметінше, полиция қызметкерлері тексеру барысында көлік иелері мен жолаушылары тарапынан бірнеше өрескел қателіктерді анықтаған. Жүргізушілер жолаушыларды қауіпсіздік талаптарын сақтамай тасымалдаған, қауіпсіздік белдіктерін тақпаған және маневр жасау ережелерін бұзған.
Анықталған барлық құқықбұзушылықтар бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар кортежге қатысқан көліктер арнайы айып тұрағына қойылды.
Оқиғадан кейін полиция қызметкерлері мектеп бітірушілермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Оларға жол қозғалысы ережелерін, қоғамдық тәртіпті және заңнама талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді.
ІІМ атап өткендей, мектеп бітіру іс-шаралары өтетін кезеңде елдің барлық өңірлерінде жол қауіпсіздігін бақылау күшейтілген.