Түркістан облысында мемлекеттік нөмір орнына лақап атын жазған жүргізуші ұсталды

323

Тексеру барысында көлікті 32 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны басқарғаны белгілі болды.  

Түркістан облысында мемлекеттік нөмір орнына лақап атын жазған жүргізуші ұсталды Фото: polisia.kz

Республикалық маңызы бар Шымкент – Самара автожолында жылдамдықты автоматты түрде тіркейтін камераға жол ережесін өрескел бұзған KIA автокөлік жүргізушісі түсіп қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Камерадан алынған ақпаратты зерделеген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған көліктің қозғалыс бағытын анықтап, Шымкенттен Түркістан бағытына қарай жүріп бара жатқан жерінен тоқтатты.

Полиция қызметкерлері жүргізушіге мемлекеттік тіркеу белгілерінсіз көлік құралын басқарудың заң талаптарына қайшы екенін түсіндіріп, әкімшілік шара қолданды.

Көлік айыптұраққа қойылды.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтап, көлік құралдарын белгіленген талаптарға сәйкес пайдалануға шақырады. Автоматты тіркеу жүйелері құқық бұзушылықты анықтауға ғана емес, жолдағы тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу