Түркістан облысында Наурыз мейрамы 10 күн бойы түрлі атаумен атап өтілмек

1036

Рухани астанада Ұлыстың ұлы күніне арналған негізгі іс-шара 11 наурызда басталды.  

Түркістан облысында Наурыз мейрамы 10 күн бойы түрлі атаумен атап өтілмек Фото: turkystan.kz

Бұл туралы журналистерге арналған баспасөз мәслихатында облыстық Мәденит басқармасының басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әзімхан Қойлыбаевтың айтуынша, алдымен өңірдегі барлық ауыл мен аулалар тазартылып, ағаш егіледі. "Наурыз – жақсылықтың жаршысы" атауымен зиялы қауым өкілдері, өнер және спорт майталмандары арасында облыстық челленж ұйымдастырылады.

Керуен сарайы аумағында жалпыұлттық жүгіру марафоны өткізіледі. Сондай-ақ Наурыз мерекесіне орай облыста туристік маусым ашылады. Бұдан бөлек, мереке күндері этномәдени бірлестіктердің қатысуымен концерттік бағдарламалар, ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының көрмесі өтеді деп жоспарланып отыр. "Қош келдің - әз Наурыз!" мерекелік іс-шарасы 21 наурызға жоспарланған. Қазан-қазан көже пісіріліп, көл-көсір дастархан жайылады деп күтілуде. 

"22 наурыз күні "Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз" Түркістан қаласы мен барлық аудан, қалалардағы орталық алаңдар мен саябақтарда, жоғарғы оқу орындарында мерекелік іс-шаралар, көпшілік серуендер, көрмелер, концерттік бағдарламалар, ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылады. 23 наруыз күні Наурыз – мейірімділік мерекесі. "Аға ұрпақты қастерлейік" акциясы өткізіледі", - деді Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу