Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты

434

 Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетеді. 

Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты Фото: gov.kz

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Түркістан қаласында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтың жақындарына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетеді", – деді Ержан Сәденов.

Министрліктің басшылығы қаза тапқан қызметкердің отбасына заң аясында қажетті барлық көмек пен әлеуметтік қолдаудың толықтай көрсетілетінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу