Түркістан облысында шегірткенің ошағы анықталды

1207

Биыл шегірткемен күрес жұмыстары үшін облыстық бюджет есебінен 230 млн теңге шамасында қаржы бөлінген.

Түркістан облысында шегірткенің ошағы анықталды Фото: Otyrar.kz

Түркістан облысында шегірткемен күрес басталды. Агрономдар Марокко шегірткесінің қауіпті ошақтарын анықтауға кірісті. Келес ауданының өзінен фитосанитар мамандар зиянкестер мекендейтін 400 гектар қауіпті жерді оқшаулаған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Жалпы Түркістан обылысында Келес, Сарыағаш, Шардара және Арыс қалаларының аумағы зиянкестердің негізгі ошағы болып саналады. Әсіресе, Келес ауданы Морокко шегірткесінің ежелден келе жатқан ошағы дейді агрономдар.

Ауа райының өзгеруі де шегірткенің жер бетіне шығуына әсер етеді. Мәселен, жаңбырлы маусым басталса, қыстап шыққан көбіршіктің 7-8 пайызы залалдануы мүмкін. Бірақ биыл Келес өңірінде ылғал емес, керісінше құрғақшылық болады деген болжам бар.

"Анықталған қауіпті жерлердің барлығында өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Биыл өңдеу жұмыстарын сәуір айының 12-14 не басталады. Былтырғы жылмен салыстырғанда залалданған жерлер азайып отыр. Бұл сапалы анықтау жұмыстары мен өңдеу жұмыстарының нәтижесі", – дейді облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Темірхан Елонов.

Айта кетейік, биыл шегірткемен күрес жұмыстары үшін облыстық бюджет есебінен 230 млн теңге шамасында қаржы бөлініпті. Бұл қаражатқа 83 мың гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізімек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу