Түркістан облысында тастанды ғимараттан ер адамның мәйіті табылды

572

Қазіргі уақытта күдікті ретінде 9-сынып оқушысы ұсталып отыр.  

Түркістан облысында тастанды ғимараттан ер адамның мәйіті табылды Фото: zhasalash.kz

Қанды оқиға Төле би ауданына қарасты Ленгір қаласында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты "Жас Алаш" газетіне сілтеме жасап.

24 мамыр күні қаладағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен жасы 20-дан асқан ер адамның денесі табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм Шымкент қаласының тұрғыны. Оны пышақтап өлтірді деген күдікпен 9-сыныпты енді аяқтаған жасөспірім қыз ұсталған.

Күдікті Төле би ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №16 мектептің оқушысы екені айтылды. Бұл ақпаратты аудандық білім бөлімі растады.

Болған оқиғаға қатысты Түркістан облыстық полиция департаменті әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу