Түркістан облысында тауда көлікпен қалған 4 адам құтқарылды

285

Азаматтар көлігінің техникалық ақауына байланысты таудан түсе алмаған.  

Түркістан облысында тауда көлікпен қалған 4 адам құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Түркістан облысының Төлеби ауданында таулы аймақта көмекке мұқтаж болған төрт азамат құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Мәдени ауылы маңындағы Ақсу каньонында болған. Көлігінің техникалық ақауына байланысты азаматтар таудан өздігінен төмен түсе алмаған.

Құтқарушылар оқиға орнына барып, төрт адамды қауіпсіз жерге жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу