Түркістан облысында техногенді төтенше жағдай режимі жарияланды

1518

Өңірде жедел штаб құрылып, эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.  

Түркістан облысында техногенді төтенше жағдай режимі жарияланды

Түркістан облысындағы екі ауылды су басуына байланысты техногенді төтенше жағдай режимі жарияланды, 
деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. 

Соған сәйкес Төтенше жағдайлар комитетінде шұғыл штаб құрылды. Оған комитет басшысы Владимир Беккер төрағалық етуде. Өңірдегі жағдайды бақылауда ұстау үшін оқиға орнына Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мен Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов және Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі аттанды. Аймақтағы құтқару жұмыстарына Түркістан облысынан 267 құтқарушы және 26 техника, Шымкент қаласынан 300 әскери және 28 техника жұмылдырылды. 

Еске сала кетсек, 1 мамырда Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысындағы елдімекендерімен Түркістан облысындағы екі ауылды су басты.

Өзбекстан Республикасы ТЖМ шұғыл мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 1 мамыр күні сағат 20.15-те су қоймасынан аққан су тоқтаған. Қазіргі таңда Жеңіс елдімекені мен  Жаңа тұрмыс елдімекендерін эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. 
Аталған елдімекендердің тұрғындары Мырзакент ауылындағы "А. Пушкин", "Жаңа Жол", "С. Рахимов" атындағы орта мектептерде орналастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу