Оқиға Ордабасы ауданында болған. Аудан тұрғыны TikTok желісіндегі тікелей эфир барысында өзіне бейтаныс азаматтың ар-намысына тиетін сөздер айтып, оны қорлаған.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны бөлімшеге жеткізген. Жинақталған материалдар сотқа жолданды.
Сот шешімімен азамат кінәлі деп танылып, қоғамдық орында былапыт сөз айтқаны және өзгені қорлағаны үшін айыппұл төлеуге міндеттелді.
Полиция өкілдері әлеуметтік желіде де қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын сақтау қажеттігін ескертеді. Виртуалды кеңістікте жасалған құқық бұзушылықтар да заң аясында қаралады.