Түркістан облысында той кортежін ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

202

Оқиға Сауран ауданында қыз ұзату тойы кезінде болған.

Түркістан облысында той кортежін ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды Фото: бейнежазбадан

Mercedes-benz, Toyotar және Nexia 5 автокөліктің жүргізушілері анықталды. Көрсетілген көлік құралдары айыптұрағына қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Құқық бұзушылар авариялық жағдай жасағаны, жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамағаны, көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз басқарғаны, маневр жасау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ көлік құралдарына зақым келтіргені үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция заң баршаға ортақ екенін ескертеді және жүргізушілер мен басқа жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу