Түркістан облысында туристер тұманда адасып кеткен

698

Түркістан облысында тұманда адасып кеткен туристер құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түркістан облысында туристер тұманда адасып кеткен

Облыстық ТЖД мәліметінше, кеше кешкі сағат 22:10-да құтқарушыларға 4 туристің жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен. Олар Сусіңген көлінен "Алтын-Дән" демалыс аймағына қарай кетіп, қайтып оралмаған.

"Туристерді іздеу үшін 27 маман тауға шықты: 17 құтқарушы, 4 полицей, ұлттық парктің 5 қызметкері және 1 кинолог. Олар Наутсай шатқалынан 10 шақырым жерде түнгі сағат 2:32-де табылды", - деп жазылған хабарламада.

Туристердің айтуынша, олар тұманда адасып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу