Түркістан облысында үш көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды

303

Түркістан облысында ВАЗ маркалы жеңіл автокөлік екі жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысында үш көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды Фото: Бейнежазбадан

Жол апаты Алматы – Термез – Ташкент тасжолында болған. Оқиғадан кейінгі көрініс түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу