Түркістан облысында полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында кәмелетке толмаған жасөспірімнің автокөлік тізгіндеген бейнежазбасын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бейнежазбадағы адамдар дереу полиция бөліміне жеткізілген.
Тексеру барысында 15 жастағы жасөспірімнің үйде үлкендердің жоқтығын пайдаланып, атасына тиесілі ВАЗ көлігін рұқсатсыз айдап шыққан. Сонымен қатар ол көлік жүргізген сәтін TikTok әлеуметтік желісіне жариялаған.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында жол қозғалысына төнуі мүмкін қауіптің алдын алу мүмкін болды.
Автокөлік айыптұраққа қойылып, заң талаптарына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.