Түркістан облысында жаз басталмай жатып 13 адам суға батып кетті

538

Түркістан облысында жыл басынан бері 13 адам суға кеткен, оның 9-ы балалар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысында жаз басталмай жатып 13 адам суға батып кетті Фото: inbusiness.kz

Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше ең көп суға кету жағдайлары Ордабасы ауданында тіркелген.

Мұнда жыл басынан бері 3 адам суға кеткен.

Ал, Бәйдібек пен Сауран және Түлкібас ауданында 2 жағдайдан, Қазығұрт пен Мақтааралда, Отырар ауданы мен Түркістан қаласында 1 жағдайдан тіркелген.

Оның ішінде ата-анасының қарауынсыз қалған 9 бала суға кетіп қайтыс болған.

Үш бала өзенге, үш бала каналға құлап кеткен. Үй арасындағы арықтардан да 3 баланың мәйіті табылған.

"Су айдындарында "суға түсуге тыйым салынады" деген белгі орнатылған жерлерде, жүзудің шекарасын белгілейтін қалқыбелгілерден кейін шомылуға, шағын кемелерді пайдалануға, мас күйінде суға түсуге тыйым салынады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар", - делінген Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу