Түркістанда жоғалған 4 жасар баланың денесі табылды

5142

Оны тәртіп сақшылары тапты.  

Түркістанда жоғалған 4 жасар баланың денесі табылды Фото: видеодан алынған кадр

Түркістанда жоғалып кеткен 4 жасар бала қаза болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның мәйітін тәртіп сақшылары тапты.

"Үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде, 3 желтоқсан күні түстен кейін 4 жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан (септик) табылды. Баланың денесін медициналық сарапшылар тексереді, ал мәйіттен зорлық-зомбылық пен қандай да өлім белгілері табылмады", – деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратура басшылығы жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу