Түркістан облысында жоғалған туристер табылды

1574

Құтқарушылар қалған 4 адамды іздестіріп жатыр. 

Түркістан облысында жоғалған туристер табылды

Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінде жоғалған 7 туристің үшеуі табылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Бүгін "Қазавиақұтқару" тікұшағы Сайрам-Өгем шатқалында жоғалған 7 адамның үшеуін тапты. Олардың жағдайы жақсы. Қалған 4 турист іздестіріліп жатыр", - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, қазіргі таңда психологтар жоғалған туристердің туыстарына көмек көрсетуде.

"Іздестіру жұмысына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалған адамдардың туыстары, "Қазавиақұтқарудың" 2 тікшағы жұмылдырылды", - деді Талғат Уәли.

Айта кетейік, кеше Төле би ауданындағы Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінде 7 турист жоғалып кеткен еді.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу