Түркістан облысында жол апаты азайды

821

Түркістан облысында 2019-2020 жылдары жол-көлік оқиғасы саны 21,6%-ға (579-дан 454-ке дейін азайды. Жүргізушілердің жиі ереже бұзбауына орнатылған бейнебақылау камералары ықпал еткен, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Түркістан облысында жол апаты азайды

"Қазіргі уақытта әр облыстағы полиция департаменттері жол-көлік оқиғаларына талдау жасап, көлік апаты жиі болатын яғни қауіпті аймақтарды анықтап жатыр. Анықталған соң ол жерлерге жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бейнебақылау камерасын орнату мәселесі шешіледі", – деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов. 

Ресми ақпар: ел бойынша жолдарда 13 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Олар жол ережесінің бұзылуын автоматты түрде анықтайды. Бүгінде ереже бұзу фактілерінің 44 пайызы бейнебақылау камерасының көмегімен анықталып отыр. 

"Жол бойына бейнебақылау орнату жол қозғалысы тәртібін реттеп қана қоймай, жол-көлік апатының алдын алуға септігін тигізеді", – деді Сәрсенов. 

Сонымен қатар полиция қызметкерімен тікелей байланысудың, "келісудің" қажеті жоқ.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу